Эльвира Әзімова БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті


Женеваға сапары барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы, Омбудсменнің және ҰАТ-ның «Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезіндегі жұмысы, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Адам құқықтарын қорғау саласындағы бастамалары, соның ішінде Омбудсменнің мандатын нығайту туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық құқық қорғау органдарының реформаларын, қоғамдық бақылауды нығайту және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды талқылады.