Отбасылық құндылықтар
«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ «Үйлесім» ата-аналар клубының қалалық жобасы аясында бала асырап алған ата-аналар үшін дәстүрлі вебинар ұйымдастырды. Мақсаты — бала өміріндегі отбасылық дәстүрлердің орны мен маңыздылығын дәріптеу
Педагог-психологтер отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қалыптастыру жөнінде практикалық жұмыстар жүргізді. Талқылау барысында бала асырап алған ата-аналар пайдалы кеңестерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,
«QH»