ӘКІМДЕРДІҢ ЖЕЛІДЕ ЖАЗҒАНДАРЫ

Бүгінде әлемдегі жаңалықты әбігер болып іздемейміз, әлеуметтік желі қолжетімді болса болғаны. Сол сияқты әкімдердің де қызметтік әрекетін бақылап отыруға ұялы байланыс ұтымды құрал болып тұр. Ғаламтордың ғажабымен бізде шенділердің апталық жұмысын сүзгіден өткіздік.

Осы аптада Әлихан ауданының әкімі Мейрам Кожухов өзінің сырқаттанып қалғаны туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеп, жұртқа бейнеүндеу жариялады. Елдегі эпидахуалға байланысты жасалып жатқан барлық сақтық шараларын айта келе, вакцина алмай болмайтынына жеке басы көз жеткізгенін айтты. Ковидке қарсы ем алып жатқан әкім аурудың тез өршитіні соншалық, тыныс алу жолдары жедел зақымдалғанын байқаған. Алғашында инфекция өкпенің тек бес пайызын шарпыса, санаулы күнде зақымдалған аймақ жиырма бес пайызға жеткен. Отбасы мүшелерінің бәрі коронавирус жұқтырғанын және ауруханада жатқанын айтқан Кожухов мырза сырқатқа салғырт қарау жақындарыңды қиын жағдайға итермелеумен тең екенін ұқтым дейді. Сырқаттың салмағы қаншалықты ауыр екенін ұғынған әкім, халықты екпе алуға және жақындарына осылайша жанашырлық танытуға шақырды.

Ал Қазыбек би ауданының әкімі Нұрлан Рыстин мырза өзінің “Facebook” парақшасында аудан әкімдігімен бірлесіп, қаланың жанашыр тұрғындары, қоғам қайраткерлері Бұқпа өзенін тазартқанын, оған 30-дан астам қарағандылық қатысқанын жария етті. Жалпы жинау аумағы 30 гектардан астам жерді құрады, 3 бірлік арнайы техника тартылды. Бірнеше сағат ішінде 200 текше метрден астам қоқыс жиналды және шығарылды.

Бұл пластикалық және шыны бөтелкелер, тамақ қаптамалары, пайдаланылған канистрлер, шиналар, сынықтар және басқалар. Мен қала үшін жаны ашитын барлық тұрғындарды, қаланың таза болуын қалайтындарды, өз балаларына табиғатты бағалау және бақылау керек екенін көрсетуге және қоқыс тастамауға, пикниктерден кейін оны өзімен бірге алып кетуге немесе оны мамандандырылған контейнерлерге сақтауға шақырамын,- деп жазды.

Ал Қарағанды қаласының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев желідегі парақшасы арқылы БАҚ өкілдерін төл мерекемен құттықтады.

«Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Адал, объективті журналистика барлық уақытта да сұранысқа ие болып келеді. Көбінесе бұл сіздің әділ сыныңыз, ол қандай да бір мәселеге жаңа көзқараспен қарауға және теңгерімді шешім табуға мәжбүр етеді. Сіздерге шынайы, адал еңбек және өз борышыңызға жауапты көзқарастарыңыз үшін алғыс айтамын.

Сіздерге жарқын шығармашылық жобалар, өткір қалам мен сарқылмас шабыт тілеймін. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға бақыт, амандық, денсаулық тілеймін!»- деп жазды басшы.

Сондай-ақ Майқұдық жұртын қуантар жаңалығымен бөлісті. Жақын арада Майқұдықтағы саябақты ауқымды қайта құруды басталады. Бүгінгі таңда эскиздік жоба әзір. Саябақты жөндеу жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталса, жалпы бұл жобаны іске асыру 2 жылға созылады,- деп хабарлады әкім.

Әсел ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ