Қазақ сөз өнерінің майталман шебері туралы не білеміз?



⚡ Халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл.

📌Сіздердің назарларыңызға жаузшының өмірінен 10 қызықты деректерді ұсынамыз:

✅1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді.
✅Азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша «Құдайдың құлы» деген мағынаны білдіреді.
✅Қаламгердің әкесі Махмұт діни сауатты, өз ортасында беделді, парасатты адам болған.
✅Өз ауылында молдадан оқып, арабша хат таниды.
✅Ыбырай Алтынсарин жүйесімен ашылған орысша-қазақша бастауыш мектебінде оқиды.
✅Сәбит Мұқановпен бірге Орынбордағы жұмысшы факультетіне оқуға түседі.
✅Сәбит Мұқановтың айтуынша, ол рабфактің қабырға газетінде өзінің «Тулаған толқынында» деген очеркін жариялаған. Бұл оның алғашқы шығармасы еді.
✅ «Қазақ солдаты» туындысы оның тұңғыш романы болды.
✅ «Амангелді» атты бірінші қазақ киносының сценарийін жазуға өз үлесін қосты
✅Сүйікті жарының есімі – Ғұсни. Екеуі 40 жыл бірге тұрып, Ғалия, Роза, Мара, Райхан есімді 4 қызды тәрбиелеп өсірген.

❓АЛ СІЗ ҚАНДАЙ ФАКТІЛЕРДІ БІЛЕСІЗ?