«Барлық майнинг фермаларын анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеру, сонымен қатар шарттардың берілуіне негіз болған техникалық талаптар мен қызметтің басқа да аспектілерін зерттеу қажет»

✅ ОРЫНДАЛДЫ:

🔺 51 майнинг ферманың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылды, 55 ферма қызметін өздігінен тоқтатты

🔺 техникалық талаптарсыз олардың энергия қуаты көздеріне заңсыз қосылу, арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында рұқсатсыз орнатылу, сондай-ақ салық және кеден төлемдерінен жалтару деректері анықталды

🔺 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңге болатын 67 мыңнан астам құрал-жабдық тәркіленді

🔺 қабылданған шаралар еліміздегі электр қуатын тұтынуды 600 мегаватқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді

🔺 майнинг пен цифрлық активтерді нормативтік реттеу ісі қатаңдатылды