Су тасқыны жұқпалы ауруларды көбейтуі мүмкін
Су тасқыны кезеңінде облыс халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. «Қазгидромет» РММ болжамы бойынша, ағымдағы жылдың наурыз айы нормадан жылы болуы мүмкін. Өңірдегі ауа райының күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, жауын- шашын су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін.
Шаруашылық және ауызсумен қамтамасыз ету жұмысының санитариялық- гигиеналық нормалар талабына сәйкес келмеуі жұқпалы және басқа да аурулардың жоғарылау қаупін тудырады, бұл бүкіл облыстың эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бүкіл халықтың, әсіресе ауылдық жерлерде және қалалық елді мекендердің жеке сектор тұрғындары белсенді қатысуы қажет. Ауладағы қарды тазалау, еріген суды кетіру жұмыстарын жүргізу қажет. Жеке құдықтары бар жер үйлердің иелеріне су басудың алдын алу шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар арқылы құдыққа профилактикалық дезинфекция жүргізуді ұсынамыз.
Бұл ретте халықты сапалы және қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету тек бақылаушы органдарға ғана емес, сонымен қатар сумен жабдықтауға жауапты ұйымдардың, зертханалық қызметтердің және субъектілердің жұмысына байланысты екенін атап өткіміз келеді.
С у тасқыны кезеңінде тұрғындарға:
- ұңғымалар, құдықтар аумағын тексеру;
- су көздеріне еріген су құйылмауы үшін қардан тазарту және қажет болған жағдайда қар суының құдыққа құйылуына жол бермеу жұмыстарын жүргізу;
- су тасқыны басталғанға дейін септиктен немесе дала дәретханасының шұңқырынан ағынды суларды шығарып алыңыз;
- ішек инфекциялары, гепатит және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында құдық суын қайнатпай ішуге болмайтынын ескертеміз.
Су тасқыны кезеңінде жеке гигиена ережелерін сақтау міндетті шарт болып қала береді.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті