«StartUp Bolashaq» республикалық бизнес-жобалар байқауы — бұл шағын бизнесті дамытуды ынталандыратын ауқымды жоба

Идеялар көп. Оларды жинақтау, таныстыру, сондай-ақ олардың нәтижелі болатынын дәлелдеу керек. Жоба бренд амбассадоры Динара Сатжан осындай пікірін жеткізді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ол «StartUp Bolashaq» бизнес-жобалар байқауына үлкен ықыласпен қатысып жатқанын атап өтті, өйткені бұл шағын бизнесті дамытуға қосқан жеке үлесі.

«Мен бұл іспен өмір бойы айналысып келемін. Керемет идеялары бар, бірақ жабдықтары жоқ, шикізатқа ақшасы жоқ жас дизайнерлер келеді, олар оны қалай жүзеге асыру керегін білмейді. Тек эскиздері ғана бар. Мен дизайнерлерге жиі инвестиция саламын, біз бренд ашамыз, жасаймыз, оны сәтті сатамыз. Фэшн-индустрияны ғана емес, қандай да бір жаңа креативті салаларды да қарастыратынымды айтқым келеді. Видеоконтент жасау да болуы мүмкін. Мен ол адамға инвестор болып, 10 млн теңге беріп қана қоймаймын, оның құрбысына, досына, қарындасына, оған бағыт-бағдар беретін адамға айнламын. Өкінішке орай, біз комиссияға кірмейміз, мен барлық 4 мың өтінімді қуана қарар едім. Себебі олардың арасында маған ұнайтын және болашақта жұмыс істегім келетін адамдар болатынын білемін. Бұл ретте бизнес періштелер — бұл ақшаның қайтып, көбейгенін қалайтын кәсіпкерлер. Сондықтан мен үлкен қуанышпен қатысуға келістім», — деді бизнес-ханым.

Ол жобаның мемлекеттік емес екенін атап өтті. Кәсіпкерлер үшін бедел маңызды, идеяларды ешкім ұрламайды. Бұл отандық шағын бизнесті дамытуды ынталандыратын ауқымды жоба. Бұған 2020 жылы қарапайым тұрғындарға бақшада көкөніс пен жеміс-жидектер өсіруге көмектескен, интернет-сауданы үйреткен және нарықтың өсуіне ықпал еткен қытайлық әріптестер мысал бола алады.