«Chicken King» отбасылық мейрамханасы екпе алған азаматтарға жеңілдік ұсынып отыр
COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін халықтың көп бөлігі екпе алуы қажет, бұл бүкіл халық арасында тарала алатын вирустың жалпы санының азаюына әкеледі.
Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында ұйымдардың ұжымдары,жастар, 65 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер екпе және қайталап екпе алуға белсенді қатысуда. Халықтың коронавирустық инфекцияны жұқтырудан өзін қорғауға деген тілегін ескере отырып, «Chicken King» отбасылық мейрамханасының желісі екпе алған, қайта екпе алған азаматтарға 2022 жылы екпе алғаны жөніндегі паспортын ұсынған кезде өз өнімдеріне 10% жеңілдік береді.
Осылайша, «Chicken King» отбасылық мейрамханасы желісінің басшылығы коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға өз үлесін қосуға шешім қабылдады. Ұжымға зор денсаулық пен алғысымызды білдіреміз!