Жұқпалы аурудан қорғанудың орғанудың тиімді әдісі — иммундау
Вакцинация — балалар мен ересектердегі жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі. Жаппай вакцинациялау бүкіл әлемде көптеген қауіпті аурулардың туындау жиілігінің төмендеуіне және тіпті оларды жоюға алып келді. Вакциналарды пайдалану миллиондаған адамның өмірін қиған қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді және кейбір ауруларды толық көлемде жеңуге ықпалын тигізеді. Коронавирустық инфекцияларға қарсы вакциналар қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие, ауыр жағдайларды және ауруханаға жатқызуды азайтады, коронавирус инфекциясы салдарынан болатын өлім деңгейін азайтуға көмектеседі.
Өлімге әкелетін инфекцияларды жою маңызды, мысалы, шешек ауруы, оны жойғаннан кейін аурудан жалпы иммундау тоқтатылды. Қазіргі уақытта әлемді COVID-19 пандемиясы басып алды. Пандемияны тоқтатудың тиімді әдістерінің бірі — «ұжымдық иммунитет» қалыптастыру. Кең таралған COVID-19 вакцинациясы жоғары қауіпті топтағы кез келген адамды коронавирустық инфекциялардың ауыр асқынулары мен өлімінен қорғаудың маңызды құралы болып табылады. Вакциналардың кез келген басқа дәрі-дәрмектер сияқты жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдері бар. Көбінесе вакцинациядан кейінгі барлық жанама әсерлер болмашы, ал асқыну қаупі шамалы. Вакциналарды клиникалық тәжірибеге енгізген кезде «тәуекел- пайда» арақатынасына баса назар аударылады, препарат іс жүзінде сау адамдарға енгізіледі, асқынулар мен жанама әсерлердің жоғары қаупі болмайды.
” «Омикрон» вирусының таралуы «Дельта» штамға қарағанда 5 есе жоғары. ДДСҰ мəліметі бойынша, инфекцияның саны əр 2–3 күн сайын екі есе артып отырады.
Оның мұндай жыл — дамдықпен таралуы әсерінен әлемдегі жағдай 2 аптадан кейін 40 есеге нашарлауы мүмкін.
Коронавирустық и нфекцияның басқа түрлерімен салыстырғанда «Омикрон» 20–30 жас аралығындағы адамдарға қауіп төндіреді, сонымен қатар КВИ-ді қайта жұқтырудың қаупі де байқалады.
Бүкіл әлем мамандары КВИ-ді жеңудің жалғыз жолы вакцина екенін айтады. Жаңа штамдардың пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету маңызды. Ал вакцинация — өз денсаулығына қамқорлық жасау және аурудың ауыр асқынуларын болдырмау мүмкіндігі.
” Ревакцинация — COVID-19 вакцинасынан кейін иммунитетті сақтауға бағытталған қайта егу.
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация регламентіне түзетулер енгізетін жаңа қаулы шығарды. КВИ-ге қарсы ревакцинацияға Қазақстан аумағында үш және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы бастапқы вакцинациялаудың толық аяқталған курсын алған шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық адамдар жатады.
КВИ-ге қарсы бастапқы вакцинацияның толық курсы бар КВИ-мен ауырып жазылған адамдардың КВИ-ге қарсы ревакцинациясы сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.
КВИ-ге қарсы ревакцинацияны КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады.
КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған вакцинамен КВИ-ге қарсы ревакцинация жүргізуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде ревакцинацияның аралас әдісі — неғұрлым тиімді, вакцинацияланған векторлық вакцина («Спутник- V») 6 айдан кейін белсендендірілмеген немесе М-РНК-вакциналарды алу ұсынылады және керісінше белсендендірілмеген вакцинаны алған векторлық вакцинамен вакцинациялау ұсынылады деп есептейді.
” Қарағанды о б — лысының тұрғындарына үш вакцина қолжетімді, атап айтқанда: «Спутник- V», «Vero Cell» (Қытай) жəне «QazCovid- In» (QazVac). Иммундау вакцинация пункттерінде тегін жүргізіледі.
Осыған байланысты аудан тұрғындарын вакцинациядан өтуге шақырамын. Вакцинация жасаңыз және аурудың тізбегін бұзуға үлес қосыңыз!
Беркімбаева Жанар ЖӘРКЕНҚЫЗЫ,
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы