Кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген ипотека беріледі

Қарағанды арағанды облысында облысында кеншілер кеншілер мен металлургтерге  жеңілдетілген еңілдетілген ипотека берілетін ерілетін болды.

Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген ипотека берілетін болды. Бұл — «Абай» шахтасында болған апаттан кейін еңбек майталмандары қойған талаптың бірі.

Естеріңізде болса, өткен жылдың қараша айында аталған кеніште 6 адам газдан уланып мерт болған еді. Содан кейін кеншілер өндірістік компания мен облыс басшылығына 12 тараудан тұратын талап қойды. Оның ең негізгілері: еңбек қауіпсіздігі, лайықты жалақы, кен орнындағы техникаларды жаңарту, жұмысшылар жетіспеушілігін шешу және баспанамен қамту. Қазір барлық талап рет-ретімен орындалып келеді. Баспана мәселесі де алдағы 5 жылда шешілмек. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына Теміртау, Қарағанды, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы шахталар мен комбинат жұмысшылары қатыса алады. Ол үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге қаржы бөлінген.

” Жеңілдетілген ипотека 5 жыл бойы жүзеге асырылмақ. Тек биылдың өзінде 70 жанұя баспаналы болады деген жоспар бар.

Жергілікті билік бұл бастаманы «Отбасы банкімен» бірлесіп қолға алған. Несие үстемесі небәрі 5 процентті құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз, 19 жылға дейін беріледі. Бірақ пәтер құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бұл шектеу компаниядағы мұқтаж жандарды неғұрлым көбірек қамту үшін жасалып отыр. Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұлантай Үсеновтің айтуынша, пәтер алғысы келетін үміткерлердің тізімін кәсіподақ комитеттері жинақтап, «Отбасы банкке» тапсырады. Олар әр адамның несие тарихын, табысын ескере отырып қаржыландырмақ

” Ең бастысы, ипотека тек жаңа үйлерге ғана емес, екінші деңгейлі үйлерге де беріледі. Тек жоғарыда аталған 5 қаланың көлемінде болуы тиіс.

Жалпы, облыста 2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл — шамамен 5 мың пәтер. Ал биыл 708 мың шаршы метр немесе 8 мың пәтер салу жоспарда.

Асыл АЙБЕК,

«QH»