Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынады

Соңғы жылдары кальян тамақтану орындарында, түнгі клубтарда, барлар мен казиноларда жиі кездеседі. Дегенмен тұтынушы оны пайдалану процесінде денсаулығына залал тигізуі мүмкін.

Кальян – темекінің бықсуынан және қыздыруынан туындайтын аэрозольді, буды немесе түтінді, сондай-ақ құрамында темекі жапырағы жоқ өнімдерді жұту үшін пайдаланылатын және аэрозоль, бу немесе түтін сұйықтығы бар ыдыс арқылы өтетін аспап.

Айта кетейік, көп адам кальян шегу денсаулыққа мүлдем зиянсыз және темекінің қауіпсіз баламасы деп санайды. Бірақ эксперименттердің нәтижелері кальян шегудің зиянын темекі шегуден кем еместігін дәлелдейді.

Ең қобалжытатыны – кальян шегудің салдары өкпенің қатерлі ісігі, бедеулік, жүрекқантамыр жүйесінің түрлі ауруларын тудыруы, сондай-ақ ұрпақ денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Кальян құрамында темекі сияқты тәуелділік туғызатын никотин бар.

* кальян шегу кезінде айтарлықтай күш жұмсалады, мұнан түтін өкпе қабаттарына тереңірек барады, оны шығару қиын;

* бір сеанстық кальян тұтыну кезінде адам темекі шегумен салыстырғанда көбірек түтін шығарады;

* кальян түтінінде никотин, бензпирен, көміртегі оксиді бар, сонымен қатар кальян шегушінің ағзасында мышьяк, хром, қорғасын концентрациясының деңгейі өте жоғары болады;

* кальян түтіні су сүзгісінен өтсе де, құрамында улы зат көп мөлшерде болады, оның ішінде көміртегі тотығы, ауыр металл тұздары және қатерлі ісік тудыратын химиялық қосылыстар бар;

* кальянның су сүзгісі де, онан өзге қосымша қорғаныс құралдары да кальян шегуді денсаулыққа қауіпсіз етпейді және тәуелділік ықтималын жоққа шығармайды

Кальян шегушілердің арасында отырған адамның денсаулығына темекі түтіні бар бөлмеде отырғанмен бірдей залал келеді.

Сонымен, улы химиялық заттар темекі түтіні құрамына кіреді.

Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 110-б. 5-т. сәйкес, кальян шегуге келесідей орындарда тыйым салынады:

Үйлердің кіреберістерінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында , қоғамдық тамақтану пункттерінде , кинотеатрлар — да, театрларда, цирктерде, концерт, қарау және көрме залдарында, спорт ареналарында, жаппай демалуға арналған орындарда, оның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда , мұражайларда, кітапханаларда және дәрісханаларда, поездарда, теңіз және өзен көлігі не кемелерінде, әуе кемесінің бортында, жолаушы тасымалдау кезінде троллейбустар, такси және қалалық рельсті көлік, әуежай, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жұмыс орнына жататын үйжайларда тыйым салынады.

Көп жағдайда кальян шегу – әншейін сәнге қызығушылық, қоғамның әсері. Бір қарағанда, зиянсыз көрінетін бұл қызығушылықтан болашақта зардап шекпеу үшін қазірден бастап өзіңізді және өскелең ұрпақты қорғай біліңіз. Кальян шегудің адам денсаулығына зияны сөзсіз тигізеді.

М.М.МҰЗДЫБАЕВА,

Қарағанды облысының санитариялық эпидемиологиялық

бақылау департаментінің бас маманы