Әлеуметтік көмек тағайындау
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушылар үшін 2022 жылғы 1 тоқсанда автоматты түрде ұзартылатын болады.
Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің болуы, кірістер және т.б. халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкестігін тексереді.
Егер отбасы құрамы өзгерген жағдайда, өтініш беруші «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не Бұқар Жырау, 51/4, тел.996402, 996404 мекенжайы бойынша жүгінуі қажет.
2021 жылдың төртінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК алғашқы тағайындау үшін портал арқылы өтініш жолдау қажет egov.kz бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы құжаттардың АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкестігін тексереді. Учаскелік комиссия отбасын материалдық – тұрмыстық тексеру актісін жасайды, оның нәтижелері бойынша АӘК тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.