Туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

Медицина қарқынды дамып, құрт ауруына қарсы тұрар қауқардың артқаны аңғарылуда. Облыста, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, туберкулездің тұрақты жағдайы байқалды. Қарағанды облысында туберкулездің таралу көрсеткіші 3%-ға, туберкулезден болатын өлімжітім 9%-ға, ауру 5,5%-ға төмендеді. Әлем бойынша эпидахуал алаңдатқан шақта шатқаяқтамаған бұл саланың басты басымдығы туралы білуді жөн көрдік. Қарағанды облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры ИСМАИЛОВ ҚАЛДЫБЕК ОРЫНӘЛІҰЛЫНЫҢ айтуынша, әлемдік стандарттарды бағындыру бағытында атқарылып жатқан жұмыс жетерлік.

– Қалдыбек Орынәліұлы, денсаулыққа ден қойып жатқан мемлекеттік бағдарлама жайын толық баяндап берсеңіз.

– Негізгі көрсеткіштердің төмендеуіне Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірнеше кезеңде жүргізілген тыныс алу органдарының ауруларынан зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасының артуы ықпал етті:

– облыстық туберкулезге қарсы диспансерді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру (Қарағанды облысы әкімдігінің 06.04.2020 жылғы №20/01 «Медициналық ұйымдарды қайта атау туралы» Қаулысы);

– «пульмонология (ересектер/ балалар)» мамандығы бойынша 60 дәрігерді қайта даярлау;

– тыныс алу ағзаларының басқа аурулары мен туберкулезді дифференциалды диагностикалау үшін «Ересектерге арналған торакалды хирургия» (28.12.2020 ж. №1417-Ө «Төсек қорын оңтайландыру туралы» бұйрығы) профилімен 12 төсекорынды ашу (2021 жылдың 11 айында 69 диагностикалық операция жасалды, оның ішінде 47-сі (68,1%) туберкулез боп шықты);

– фтизиопульмонолог дәрігерлердің қабылдау кабинеттерін ашу (1852 кеңес беру жүргізілді);

– торакалды хирургтың консультациясын амбулаториялық кезеңде ұйымдастыру (1177 консультация өткізілді);

– Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығысына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бактериологиялық зертхана кабинеттерін көшіру, онда диагностика сапасын жақсарту үшін туберкулезді анықтаудың дағдылы әдістерінен бастап молекулалыгенетикалық әдістемелерге (GeneXpert, Bioneer) дейін қызметтер спектрі ұлғайды.

– Ауруды ауыздықтауда алдыңғы қатарлы, заманауи озық технология көмегі ерекше ғой. Бұл орайда орталықтағы материалдық-техникалық базаның қауқары қандай?

– Қазіргі уақытта жаһандық қор желісі бойынша туберкулезді 80 минут ішінде анықтауға мүмкіндік беретін жаңа картридж алынды. Бұдан әрі шартты-патогенді микроорганизмдер саласындағы микробиологиялық зерттеулер ауқымын кеңейту жоспарлануда; – санитарлық ереже мен нормалар талаптарына сәйкес эндоскопиялық кабинетті қалпына келтіру және жаңа жабдықтарды сатып алу;

– Облыстық фтизиопульмонология орталығының материалдықтехникалық базасын жаңарту, EG-2990 k бейнегастроскопы бар бейнеэндоскопиялық жүйе, EB19-J10 моделі бейнебронхоскопы, ультракүлгін сәулелендіргішірециркуляторы бар «ЭНДОМЕД 8» стерильді эндоскоптарды сақтауға арналған шкафы бар эндоскоптарға арналған жуу машинасы, эндоскоптарды алдын ала тазартуға арналған ScopeBuddy құрылғысы, Valleylab FX 8 жиынтығындағы электр реттегіш аппараты, Valleylab LS 10 жиынтығындағы электр реттегіш аппараты, хирургиялық араласулар жүргізуге арналған кешен, МАС2 бағдарламалық қамтамасыз етуі бар автономды есте сақтайтын спирометр. Жүк көтергіштігі 500 кг, 5 рет тоқтауға арналған жаңа лифт орнатылды.

– Тың технологиямен жұмыс жасаған соң, оның тілін меңгерген білікті маман болуы шарт қой. Осы мақсатта мамандар арасында шеберлік шыңдау қаншалықты қолға алынған?

– ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Қ.Д.Ерімбетовтің жетекшілігімен «Клапанды бронхоблокациясы бар силиконды имплантты орнатумен жоғарғы артқы экстрапревральды оң жақтағы 4 қабырғалы торакопластика» хирургиялық ота өткізілді.

ОФО хирургтары И.И.Мечников атындағы МУ-да (торакалды хирургия, 36 сағат), Қазан қаласында («Торакалды хирургиядағы эндоскопиялық операциялар, 144 сағат) білім алды.

ОФО ахуалдық орталығының күнделікті жұмысы арқасында флюоросы оң тұлғалар мониторингісі бойынша адамдарды жете уақытта пациенттерді емдеудің 45%-ы бейнебақылау көмегімен де жүргізіледі, амбулаториялық жағдайда ем алады.

9 пациент туберкулезден кейін толық оңалтудан өтті, 34 пациент ішінара оңалтудан өтті.

Халықты туберкулез мәселелері бойынша ақпараттандыруды арттыру мақсатында Облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары 486 дәріс оқыды, 783 әңгіме өткізілді, 52 санбюллетень шығарылды, 12 Ашық есік күні өткізілді.

Туберкулезбен ауыратын науқастардың әлеуметтік деңгейін арттыру үшін облыста жергілікті бюджеттен тұрақты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша, 2021 жылдың 11 айында бұл әлеуметтік көмек 33 309,8 мың теңгені құрады (2020 жылдың 11 айында – 18 265,9 мың теңге).

Жергілікті бюджеттен басқа, туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмекті «Үміт» ҚБ («Жоғары тәуекел топтарынан туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бейілділіктің инновациялық тәсілдері» ЖҚ гранты) сияқты үкіметтік емес ұйымдар да көрсетеді, емдеу орнына жол жүру төлеміне өтемақы көрсетеді, 2021 жылдың 11 айында 122 пациентке 2 104 920 теңге сомасында. «Денсаулық үшін серіктестер» ҮЕҰ 2020 жылдың тамыз айынан бастап MVC жобасын жүзеге асырады, оның аясында психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

– Коронавирус салдарын сезінбеген сала қалмады. Сіздерге түскен салмақ қандай болды?

– 2020 жылы коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Облыстық фтизиопульмонология орталығы Сәтбаев, Теміртау, Қарағанды қалаларының бөлімшелерінде алғашқылардың бірі болып төсектер орналастырды. Бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекциямен күреске ОФО қызметкерлері (пульмонология дәрігерлері, фтизиатрлар, анестезиологтер, хирургтар, эпидемиологтер, рентгенологтер, орта және кіші медициналық персонал, әкімшілікшаруашылық бөлімі) белсенді қатысуда. Фтизиопульмонологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі, көп жылғы еңбегі және коронавируспен күрестегі жанқиярлығы үшін ОФО мамандары «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері», «Халық алғысы» ведомстволық марапаттарына ие болды.

– Сұхбатыңызға рақмет, аурудан аман болайық!

Әсел ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ.