«АБАТТАНДЫРУ»: 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қарағанды қаласы әкімінің тапсырмасын орындау аясында, қала аумағында және елді мекендерде абаттандыру ережелерін сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап 16 сәуір аралығында жергілікті орындаушы органдар, волонтерлар, төтенше жағдайлар басқармасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды қаласының аумағында «Абаттандыру» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шара өткізу барысында қалалық учаскелік инспекторлары әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып барлық ұйымдар мен кіші нысандар, сондай-ақ тұрғын үйлер жеке секторлары аумағындағы үйілген қар мен үйден шыққан қоқыстар барлығына тексеріс жүргізді.
Абаттандыру жедел профилактикасы шарасының 6 күні ішінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 505-бабына сәйкес 480 бұзушылық анықталды. Оның ішінде кіші кәсіпкерлік нысандарына қатысты 16 факті анықталып, 1137630 теңге көлемінде айыппұл салынса, орта кәсіпкерлік нысандарына қатысты 2 факті анықталып, 291700 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жеке тұлғаларға қатысты 462 факті анықталып, барлығына ескерту жасалды.