300-ДЕЙ АЗАМАТТЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жүргізілген тексерулер барысында шамамен 5 400 заң бұзушылықты анықтады.
Бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар енгізілді. Есепті кезеңде Департаментке мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты 410-ға жуық өтініш түсті. Олардың басым бөлігі сауда-саттық өткізілмей берілетін жер учаскелеріне құқық алу және бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелерін беру мәселелеріне қатысты болды. Департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде 300-ге жуық азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
«Елге қызмет» тележобасы аясында тақырыптық бағдарламалар әзірленіп, «Қызмет алушы күні» іс-шаралары, семинарлар мен қызмет көрсетушілермен кездесулер ұйымдастырылады.
