Ұлытаудан келген ұландықтар алғашқы Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады
Ұлытау облысынан келген әскери қызметшілер Сисенбай Үсен мен Сисенбай Асан бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық борыштарын абыроймен өтеп жүр.
Ел тарихындағы маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарының сайлауына олар да белсенді қатысып, өздерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асырды. Әскери қызметшілер үшін бұл – алғашқы Құрылтай сайлауы.
Сисенбай Үсен мен Сисенбай Асан 309 дауыс беру учаскесіне барып, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады. Олар сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел дамуына қосатын маңызды үлесінің бірі екенін атап өтті.
«Бүгін біз үшін ерекше күн. Әскери борышымызды өтей жүріп, еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Бұл – азаматтық жауапкершілігімізді сезінудің бір көрінісі», – дейді ұландықтар.
Жас сарбаздардың сайлауға қатысуы олардың ел өміріне бейжай қарамайтынын және азаматтық жауапкершілігін сезінетінін көрсетеді. Отан қорғау жолындағы қызметпен қатар, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу да әр азаматтың парызы.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

