«Таза Қазақстан» аясында 130 рейд өткізілді
Қарағандыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау бойынша ауқымды рейдтер жалғасып жатыр. Соңғы жеті күннің ішінде 130 рейд өткізіліп, нәтижесінде 10 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған.
Полиция қызметкерлері негізінен қоқысты белгіленбеген орындарға тастау және қалдықтарды заңсыз жинау деректерін тіркеген. Рейд қорытындысы бойынша 119 нұсқама беріліп, 13 техника құралы айып тұрағына қойылды.
Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Соңғы аптада абаттандыру талаптары мен тазалық сақтау ережелеріне қатысты 300-ден астам түсіндіру жұмысы ұйымдастырылған.
Қаланың тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің емес, тұрғындар мен кәсіпкерлердің де ортақ жауапкершілігі. Осыған байланысты «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы рейдтер мен профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің ақпараты негізінде

