Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
ҚАУЛЫ 31.07.2026 жылғы №52/01
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кодекстің 84-бабында белгіленген айрықша жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:
1) Әлихан Бөкейхан ауданы, Голубые Пруды шағын ауданы, 9/4-учаске, алаңы 0,0360 га, кадастрлық нөмірі 09-142-067-431, Асанов Алихан Алтынбекұлына, Жолдасова Айгул Абдукадырқызына ортақ бірлескен меншік құқығымен тиесілі, нысаналы мақсаты «тұрғын емес үй-жай салу».
2) Қазыбек Би атындағы аудан, Шахтерлер даңғылы, ауданы 0.0006 га, кадастрлық нөмірі 09-142-140-435, уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығымен» АДИ » ЖК тиесілі;
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылғы 25 желтоқсан болып белгіленсін.
- Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгіну орны болып өтініш беру арқылы «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) белгіленсін: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет.
- «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- Қарағанды қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д.А. Шакенов) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабында белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне хабарлама жіберу тапсырылсын.
- Қарағанды қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не (басшының м.а. Ж.Т. Тоқмурзин) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
- Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
- «Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруды бастау туралы» осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі М.Кожухов
