Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

ҚАУЛЫ 24.07.2026 жылғы №49/01

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кодекстің 84-бабында белгіленген айрықша жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:

1) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Есептік тоқсан 219, ауданы 116,0000 га 2-учаске, кадастрлық нөмірі 09-142-219-002, Шефтали Наталья Васильевнаға жеке меншік құқығымен тиесілі

2) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Орбита-1 шағынауданы, 32/3 учаскесі, ауданы 0.1514 га, кадастрлық нөмірі 09-142-183-772, «RGB GROUP» ЖШС жеке меншік құқығымен тиесілі.

3) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Абай көшесі, №61/9 учаске, ауданы 0,1004 га, кадастрлық нөмірі 09-142-122-1108, «Парк KRG» ЖШС жеке меншік құқығымен тиесілі

4) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Абай көшесі, №61/10 учаскесі, ауданы 0,1004 га, кадастрлық нөмірі 09-142-122-1109, «Парк KRG» ЖШС жеке меншік құқығымен тиесілі

5) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Абай көшесі, №65/3 учаскесі, ауданы 0,1000 га, кадастрлық нөмірі 09-142-122-1099, «Парк KRG» ЖШС жалпы үлесті меншік құқығымен тиесілі

6) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Абай көшесі, ауданы 0,1005 га 61/6 учаскесі, кадастрлық нөмірі 09-142-122-1105,» Special LTD » ЖШС жеке меншік құқығымен тиесілі;

7) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Абай көшесі, ауданы 0,1004 га 61/8 учаскесі, кадастрлық нөмірі 09-142-122-1107,» Special LTD » ЖШС жеке меншік құқығымен тиесілі;

8) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Гоголь көшесі, 119 үй, ауданы 0.0717 га, кадастрлық нөмірі 09-142-138-1549, Ибрагимова Алия Бекмухамедқызына тиесілі, жеке меншік құқығында;

9) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Ғарышкерлер көшесі, 119 үй, 1 пәтер, ауданы 0.0693 га, кадастрлық нөмірі 09-142-131-264, Ибрагимова Алия Бекмухамедқызына тиесілі, жеке меншік құқығында;

10) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Ғарышкерлер көшесі, 119/2 үй, ауданы 0.0600 га, кадастрлық нөмірі 09-142-131-278, Ибрагимова Алия Бекмухамедқызына тиесілі, жеке меншік құқығында;

11) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Высковольтная көшесі, 93-құжат, ауданы 0.0873 га, кадастрлық нөмірі 09-142-130-518, Ибрагимова Алия Бекмухамедқызына тиесілі, жеке меншік құқығында;

12) Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Гоголь көшесі, ауданы 0.1386 га 66/2 учаскесі, кадастрлық нөмірі 09-142-123-427, Гурин Вячеслав Леонидовичке жеке меншік құқығымен тиесілі.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылғы 25 желтоқсан болып белгіленсін.
  2. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгіну орны болып өтініш беру арқылы «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) белгіленсін: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет.
  3. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. Қарағанды қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д.А. Шакенов) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабында белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне хабарлама жіберу тапсырылсын.
  5. Қарағанды қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не (басшының м.а. Ж.Т. Тоқмурзин) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
  6. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
  7. «Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруды бастау туралы» осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                   М.Кожухов