«ONAY!» Карталары іске қосылды

«Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ хабарламасы бойынша, облыс орталығында «ONAY!» компаниясының валидаторлары орнатылған экспресс-маршруттарда жол жүру құны төмендейді. Ведомствоның хабарлауынша, экспресс-автобус тарда қолма-қол есеп айырысу бұрынғысынша 90 теңгені құрайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсанда Қарағандыда «ONAY!» Алматы компаниясының жүйесі бойынша электронды билеттеу іске қосылды. Көлік карталары төлем терминалдары орнатылған бағыттарда жұмыс істейді. Валидаторлары бар маршруттар саны күн сайын толықтырылатын болады.

– Қазіргі уақытта жол жүру ақысын төлеуге арналған терминалдарды монтаждау, сондайақ жүйені тестілеу және калибрлеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұдан бұрын хабарланғандай, қарағандылық жолаушылар үшін желтоқсан «өтпелі» кезең болады. Оның барысында тұрғындар қоғамдық көлік жұмысындағы осындай маңызды жаңалықтармен танысып, меңгереді және біртіндеп ауыса алады. 1 желтоқсаннан бастап электронды жолақы төлеу жүйесі терминалдар орнатылған бағыттарда жұмыс істей бастады, – деп хабарлады қалалық әкімдік.

Қағаз түріндегі жол жүру абонементтері жыл соңына дейін жұмыс істей береді. Алайда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарамсыз болады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар әлеуметтік желілердегі жолаушылардың хабарламаларына жүргізілген талдаудан кейін осындай шешім қабылдаған. Қарапайым жол жүру ақысын электронды нұсқаға ауыстыру үшін тағы бір ай берілді.

– Қала тұрғындарының басым бөлігі қарт адамдарға жолақы төлеудің электронды жүйесі ерекшеліктерін бірден түсіну қиын болады деп алаңдайды. Сондықтан инновацияға біртіндеп көшу үшін «бейімделу кезеңін» ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, оның аясында әдеттегі қағаз жол жүру билеттерін қалдыру керек. Жол жүру картасын қосу үшін картаны мынадай сомаға толтыру қажет: картаның тарифтеріне сәйкес бір сапардың құнына тең төмендетілмейтін қалдық (80 теңге – бірыңғай карта үшін, 40 теңге – 7-15 жастағы балаларға арналған карта үшін, 50 теңге – зейнеткер картасы үшін), – деп хабарлайды әкімдік.

Жол жүру абонементтерін 11 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін қосуға болады. Жол жүру билеті сатып алынған күніне қарамастан бір күнтізбелік ай қолданылады. Оны «ONAY!» мобильді қосымшасының көмегімен қосуға болады. Бұдан бөлек, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары («жол жүру абонементтерін сатып алу» қызметі) және банктік қосымшалар арқылы да (жол жүру билетін белсендіру) жолақысын төлеуге мүмкіндік бар.

«Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мәліметтері бойынша, валидаторлар «№3 автобус паркі» ЖШС-ның 200-ден астам автобусына орнатылды. Бұл бағыттар: №43, №53, №40, №33, №118, №1, №5, №56, №70 және №19.

Автобуста картаны жол жүруді тіркеу терминалына қосып, содан кейін дыбыстық және визуалды сигналды күту керек. Жасыл белгі төлемнің сәтті өткенін, ал қызыл белгі төлем жасалмағанын растайды (жолаушы картасында қаражат жеткіліксіз немесе оны терминалдан мерзімінен бұрын алып тастаған). Басқа жағдайларда жолаушы «ONAY!» қызмет көрсету орталығына немесе Call-орталыққа +7(7212)50-60-50 нөмірі бойынша хабарласып ақпараттық көмек ала алады.

Аружан АЛПЫСБАЙ,

«QH»