Қала келбетін бірге қалыптастырайық

Қарағанды қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі облыс орталығының дизайн-кодын әзірлеу аясында тұрғындарды арнайы сауалнамаға қатысуға шақырады.

 

Дизайн-код – қалалық ортаның бірыңғай сәулеттік және көркемдік стилін қалыптастыруға арналған ережелер мен ұсынымдар жиынтығы. Оның басты мақсаты – Қарағандыны тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, қауіпсіз әрі заманауи қала ретінде дамыту, сондай-ақ қаланың өзіндік келбетін сақтау.

Сауалнама барысында тұрғындар Қарағандының қазіргі келбеті туралы пікірлерін білдіріп, өздері ерекше деп санайтын орындарды, қалалық ортадағы өзекті мәселелерді және қаланың болашақтағы даму бағыты жөніндегі ұсыныстарын айта алады.

Мамандардың айтуынша, сауалнама қорытындысы Қарағанды қаласының дизайн-код тұжырымдамасын әзірлеуге негіз болады. Сондықтан әрбір тұрғынның пікірі маңызды.

Барлық ұсыныс пен мәліметтер жинақталып, тек зерттеу мақсатында ғана пайдаланылады.

Қала келбетін жақсартуға бейжай қарамайтын барлық қарағандылықтар сауалнамаға қатысуға шақырылады.