Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), «мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Кодекстің 84-бабында белгіленген ерекше жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, атап айтқанда, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің ортақ пайдаланылатын объектілерін іске асыру жолымен салу (реконструкциялау)  жер учаскесінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:

1) Әлихан Бөкейхан атындағы аудан, есептік орам 042, жер учаскесі 397, ауданы 2,5000 га, кадастрлық нөмірі 09-142-042-557, Таникеев Азамат Амирұлына, Такишева Назым Жумақазықызына ортақ бірлескен меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты «объектіні (өндірістік-өнеркәсіптік кешен) салу және қызмет көрсету»;

2) Қазыбек би атындағы аудан, Речная көшесі, 20/2-участок, ауданы 0,0962 га, кадастрлық нөмірі 09-142-157-356, Спанов Асулан Амирханұлына жеке меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты «жеке тұрғын үй құрылысы»;

3) Қазыбек би атындағы аудан, Ермеков көшесі, 10/3 жер учаскесі, ауданы 0,0574 га, кадастрлық нөмірі 09-142-128-779, Кусаинов Анзор Саматұлына, Кусаинов Искандер Саматұлына, Кусаинова Айнагуль Саматқызына жеке меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты «жеті қабатты бизнес-орталық ғимаратын салу және одан әрі пайдалану»;

4) Қазыбек би атындағы аудан, Мұқанов көшесі, 14/6-участок, ауданы 0,0312 га, кадастрлық нөмірі 09-142-184-328, Кусаинов Анзор Саматұлына, Кусаинов Искандер Саматұлына, Кусаинова Айнагуль Саматқызына жеке меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты «кафе салу және одан әрі пайдалану»;

5) Қазыбек би атындағы аудан, есептік орам 033, 220-участок, ауданы 2,0000 га, кадастрлық нөмірі 09-142-220-162, Бейсалиев Кайнар Омарбекұлына, Абдраимова Асем Бақытқызына ортақ бірлескен меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты «автокемпинг салу (автосервис, автокөлік жуу, шиномонтаж, қонақ үй, кафе)»;

6) Қазыбек би атындағы аудан, Құрылысшылар даңғылы, 6/1 ғимараты, ауданы 0,3410 га, кадастрлық нөмірі 09-142-184-494, «RGB GROUP» ЖШС-не уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ бірлескен жер пайдалану құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты «ашық аспан астындағы кинопаркинг салу және пайдалану».

  1. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгіну орны болып өтініш беру арқылы «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) белгіленсін: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет.
  2. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  3. Қарағанды қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д.А. Шакенов) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабында белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне хабарлама жіберу тапсырылсын.
  4. Қарағанды қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не (басшының м.а. Ж.Т. Тоқмурзин) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
  5. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
  6. «Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруды бастау туралы» осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                   М.Кожухов