Адам папилома вирусының алдын алу!
Елімізде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Осы ретте 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарды қоса алғанда, толықтыра иммундау жүргізілуде.
Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингентті кеңейту мәселесі бойынша азаматтардан өтініштер түсуде. Осыған байланысты, АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды одан әрі күшейту, сондай-ақ жасөспірімдерді қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 7 «Қазақстан Республикасында 14-17 жас (қоса алғанда) аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы» қаулысына қол қойылды.Қаулыға сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ерікті негізде жүргізіледі.
АПВ (адам папилломавирусы) – бұл әртүрлі мүшелердің терісі мен шырышты қабығына (мысалы, жатыр мойны немесе аногенитальды аймақ) жұғатын вирус. Кейбір жағдайда инфекция папилломалардың (сүйел өсінділері) пайда болуына әкеледі. АПВ-ның 200-ден астам түрі бар.
АПВ жұқтырған терімен, шырышты қабаттармен және дене сұйықтықтарымен тікелей байланыс арқылы, яғни қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін.
Вирус ылғалды ортада тез көбейеді, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналар, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет.
Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады.
Вирус анадан балаға туған кезде босану каналы арқылы вертикальді жолмен беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.
Бірқатар елде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінгі күні 90%-ға төмендеген.
Бүгінгі таңда АПВ-на қарсы ем жоқ, оны алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация.
Вакцина тегін түрде қол жетімді болады. Вакцинация ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізіледі.
Әрбір ата-ана вакцинация жасау туралы дұрыс шешім қабылдауы керек деп есептейміз. Жалған ақпараттарға сенбеңіздер!
Естеріңізде болсын, бүгін қыздарға АПВ вакцинасын алу туралы шешім қабылдағанда, Сіз оларды болашақта онкологиядан қорғайсыз!
Н.М.АЙМАҒАНБЕТОВ,
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының СЭББ басшысы

