Манипуляция: «ДДСҰ тек науқастар мен дәрігерлерге ғана бетперде тағуға кеңес береді»

Қазнет қолданушылары ДДСҰ-ның бетперде тағуға қатысты ұсынысын таратуда. Онда, қоғамдық орындарда тек дәрігерлер мен COVID-19 жұқтырғандарға ғана медициналық маска тағуға кеңес берілген. Бұл мәлімдеме пандемия басталғанға дейін жасалған.

Таратылған хабарламаға «РИА Новости» жаңалықтар порталының скриншотынан басталатын бейнеролик тіркелген. Мақала өткен жылы 29 ақпанында жарияланған, яғни COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін. естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гибрейесус аурудың 2020 жылдың 11 наурызында ғана әлемдік деңгейге көтерілгенін мәлімдеді.
Осыдан кейін ДДСҰ-ның маска тағу туралы ұсыныстары өзгерді. Қазір мамандар кәсіп түріне және денсаулық жағдайына қарамастан, барлығына қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге кеңес береді.
Сондай-ақ, видеода маскалар вирус жұқтырудан қорғай алмайды, өйткені олардың тесіктері тым үлкен және вирусты ұстай алмайды делінген. Бұл манипуляция. Вирустар өздігінен емес, сілекей мен дем шығаратын бу тамшыларымен бірге ауа арқылы таралады. Осыны ескерсек, маскалар аурудың таралуын шектей алады. Бұл туралы біз жазған болатынбыз.

Сонымен қатар роликте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы – CDC жүргізген зерттеу деректері келтірілген. Оларға сәйкес, COVID-19 жұқтырғандардың 85% бетперде тағып жүрген. Алайда, былтыр қазан айында Reuters бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны Желі қолданушылары дұрыс түсіндірмеген және covid-диссиденттер мұны өз пікірлерінің дұрыстығын «дәлелдеу» үшін пайдаланған деп мәлімдеді.
Біріншіден, есепте үнемі бетпердемен жүрген қатысушылардың 42%-ы жақын адамдарынан жұқтырған, олармен қарым-қатынас кезінде оларда бетперде болмағаны айтылған. Зерттеуге қатысқан 107 адам мейрамханаларда түскі ас ішкенін, тағы 21 адам барлар мен кофеханаларға барғанын, онда тамақтану кезінде масканы шешіп отырғандарын айтқан.
Бұдан басқа, зерттеуде қатысушылар ауруды маскамен жүргенде жұқтырғаны туралы расталған деректер жоқ.
Демек, ұсынылған деректер маска тағудың тиімсіз екенін дәлелдемейді.
Одан әрі қарай, бейнеде маска тағу оттегі жетіспеушілігіне, бактериялық инфекцияларға, беттің бөртіп кетуіне және психологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін деген мифтер келтірілген. Мұның бәрін біз жоққа шығарған болатынбыз.

Осылайша, бейнеде айтылған тұжырымдардың бірде-біреуі дұрыс емес. Онда келтірілген мәліметтер өтірік және деректермен манипуляциялау болып табылады. Маска тағу COVID-19 ғана емес, сондай-а, ауа-тамшы жолдарымен таралатын басқа да ауруларды жұқтырудың алдын алудың тиімді шарасы/