Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер

«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ (бұдан әрі – Басқарма) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер) көрсетеді.

Мынадай мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға жеке кәсіпкер ретінде және объектінің тиісті аумақта орналасқан жері бойынша заңды тұлғаларға электрондық құжат нысанында электрондық үкімет порталы арқылы тегін негізде көрсетіледі:

  1. «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
  2. «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
  3. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру»

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу мен көрсетудің барлық мәселесі бойынша Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан, Гоголь көшесі, 46/3 мекенжайындағы Басқарманың кеңсесіне немесе 8 (7212) 51-96-95 телефон нөмірі бойынша жүгіну керек.

Б.Е.АБЖАНОВ,

Қарағанды қаласы

Қазыбек би атындағы ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы басшысының м.а.