Октябрь ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымы арасында екпе туралы кездесу өтті
Бүгін а.ж. 3 желтоқсан күні ақпараттық-түсіндіру тобы Октябрь ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымы арасында екпе туралы кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Барлығы 25 адам қатысты.