Еуропалық екпе апталығы жүргізіледі!
Жыл сайын сәуірдің соңғы аптасында әлемде иммунизация апталығы өтеді. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданынында 2026 жылғы 24 сәуір – 30 сәуір аралығында «Екпе барлық ұрпаққа жұмыс істейді!» ұранымен еуропалық иммундау апталығы ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Бұл апталықтың басты мақсаты – халықты вакциналардың тиімділігі, қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға оң көзқарасты қалыптастыру, тиісті контингентті екпелермен қамту.
Вакцинация – денсаулық сақтаудың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Ол бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде мақұлданды.
Вакцинация алу – қоғамға ортақ жауапты қадам. Жүргізілген профилактикалық егулердің арқасында аудан аумағында соңғы 15 жылда дифтерия, полиомиелит, сіреспе сияқты инфекциялық аурулар тіркелмеген. Профилактикалық екпелер арнайы дайындықтан өткен мейіргерлермен егу кабинеттерінде жүргізіледі. Вакцинадан кейін асқынулар барысы тіркелген жоқ.
Қазақстан Респуликасының профилактикалық егу Ұлттық күнтізбесі ДДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді, Австрия, Израиль, Бельгия, Великобритания, Германия, Түркия, Жапония сияқты дамыған елдердің көпшілігінде иммунизациялау күнтізбесіне ұқсайды. Қаншалықты елдің өмір сүру деңгейі жоғары, соншалықты инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалатын, елдердің тізбесі кең.
Біздің Ұлттық егу күнтізбесі бойынша сәбидің алғашқы күндерінен-ақ басталады. Бала туылған сәттен бастап (гепатит В және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби сондай инфекцияларға қарағанда мүлдем қорғаусыз дүниеге келді. Басқа жағдайларда, мысалы, туылғаннан кейін 6-12 ай өткеннен кейін, қызылша мен қызамық ауруларына антиденелердің концентрациясы азаяды. Сондықтан балаға 12 айдан бастап қызылша мен қызамық ауруларынан екпені егу керек. Вакцинация қаншалықты ерте басталса, соншалықты сәби инфекциялық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті қалыптаса бастайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жоспарлы профилактикалық егулердің тізбесі адам папилломавирусынан туындаған ауруға қарсы вакцинациямен толықтырылды.
Бұл өзгерістер Қазақстанда онкологиялық аурулардың өсуін ескере отырып енгізілді, бұл ретте қатерлі ісіктердің құрылымында жатыр мойны обыры 25 жастан 44 жасқа дейінгі әйелдерде екінші орында тұр. Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырының 600 мыңға жуық жағдайы және сол аурудан 300 мың өлім жайттары тіркеледі.
Әр мемлекетте халық арасында жаппай егілудің жүргізілуін қарастыратын алдын алу екпесінің Ұлттық күнтізбесі қолданылады. Қазақстан Республикасының алдын алу екпесінің Ұлттық күнтізбесінде 11 жұқпаларға қарсы екпе жүргізіледі: В гепатиті, туберкулез, күл, сіреспе, сал, қызылша, қызамық, көкжөтел, эпидемиялық паротит, пневмококкты және гемофильді инфекция. Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне әкелуі мүмкін.
Қазақстан Респуликасының әр азаматы тек жеке өзінің ғана денсаулығын ғана ойлап күтпей, жалпы ұлттың саулығын көздеуі керек.
Егер де сіз әлі күнге дейін егілмеген болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгініңіз.
Екпе барлық халыққа бірдей ақысыз және қолжетімді!
Егілуден бас тартпаңыздар, егілудің арқасында өздеріңізді және жақындарыңызды, балаларыңызды жұқпалы аурудан сақтайсыздар.
Б.Е.АБЖАНОВ,
Қарағанды қаласы
Қазыбек би атындағы ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының м.а.

