Kaspi.kz қосымшасында МӘМС жарналарын төлеу жеңілдеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа ыңғайлы қызмет көрсету мақсатында Kaspi Bank-пен бірлесіп жұмысын жалғастырып, Kaspi.kz мобильді қосымшасында МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және жарналарды төлеу қызметін жетілдірді.

Енді пайдаланушылар бір төлем арқылы барлық өткізіп алған жарналарын төлей алады. Қызмет ағымдағы айдан бастап төлеу қажет кезеңдерді автоматты түрде анықтап, қалыптастырады. Бұған дейін дербес төлеушілер 12 айға алдын ала жарна төлегенде әр айдың деректерін бөлек енгізуге мәжбүр болды, бұл кейде қателіктерге алып келетін. Қазіргі шешім пайдаланушыларға төлемді жылдам және дұрыс жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жаңа жүйе төлеушінің типін автоматты түрде анықтап, дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна мөлшерін дұрыс есептейді. Қызмет Kaspi.kz қосымшасында келесі бөлімде қолжетімді: Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Сақтандыру мәртебесін тексеру.

Бұл жаңашылдық МӘМС жүйесі аясында медициналық көмекке қол жеткізуді жеңілдетіп, төлемдерді уақтылы жүргізуге көмектеседі.