Балалар педиатриясы: емханалардағы учаскелерді жою басталады

Қазақстанда осы жылдың соңына дейін емханалардағы педиатриялық учаскелерді жою жоспарда тұр. Бұдан былай балалар ата-аналарымен бірге жалпы практикалық дәрігерлерге бекітіледі, бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмектің отбасылық модельге көшуін білдіреді.

Бейінді мамандардың мәліметінше, педиатриялық учаскелердің саны қазірдің өзінде азайып жатыр. Жаңа пациенттер жалпы практикалық дәрігерлерге бекітіліп, бұрынғы педиатриялық учаскелер біртіндеп қайта ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі балалар назардан тыс қалмайтынын сендіріп отыр. Қажет болған жағдайда жалпы практикалық дәрігер баланы бейінді маманға бағыттайды.

Реформаны әзірлеушілердің айтуынша, бұл өзгеріс медициналық көмекті неғұрлым кешенді және қолжетімді етуге бағытталған. Жаңа жүйе отбасы мен дәрігер арасындағы байланысқа негізделіп, балаларға сапалы әрі уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.