Медицина қызметкерлерін қорғау үшін жазалар қатайтылды
1 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды күшейтетін жаңа ережелер күшіне енді. Заң дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты қоқан-лоққы көрсету, зорлық-зомбылық жасау әрекеттері үшін жазаны айтарлықтай қатаңдатады.
Енді медицина маманына сес көрсеткені үшін құқық бұзушыларға:
200-500 АЕК көлемінде айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға жіберу немесе екі жылға дейін бас бостандығы шектеу немесе сол мерзімге айырылу жазасы қолданылады.
Ауырлатушы жағдайлар болған жағдайда жаза үш жылға дейін ұзартылады.
Егер медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылық жасалса, 1 000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 2-3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Ал ауырлатушы жағдайларда бұл жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтылады.
Мамандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген қатал шабуылдар үшін жазалар:
5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ерекше ауыр жағдайларда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Бұл өзгерістер медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың жұмысын қорғауға бағытталған құқықтық тетіктерді айқындайды.

