Референдум күні Қарағанды облысы тұрғындарының белсенділігі жоғары болды
Бүгін өңір тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Таңғы сағаттардан бастап дауыс беру учаскелерінде жоғары белсенділік байқалды.
Тұрғындар отбасыларымен, әріптестерімен және достарымен келіп, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасады. Учаскелерде мерекелік атмосфера қалыптасып, түрлі креативті шаралар, мәдени бағдарламалар мен қызықты перформанстар ұйымдастырылды.
Бұл күн тұрғындардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын және қоғамдық өмірге белсенді қатысатынын тағы бір мәрте көрсетті.
#Референдум2026
#БіздіңТаңдау
#АзаматтықБелсенділік
#БіргеБолашаққа
