Жас жұбайлар той күні дауыс берді

Жас жұбайлар Несіпбек Бекнұр Серікұлы мен Мажитова Альмира Талғатқызы үйлену тойы күні азаматтық белсенділік танытып, №202 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Жас отбасы өмірлеріндегі ең маңызды күндердің бірінде ел болашағына да бейжай қарамай, өз таңдауларын жасады. Бұл олардың жауапкершілігі мен қоғам өміріне белсенді қатысуының айқын көрінісі болды.

Жас жұбайлар мұндай маңызды күні дауыс беру олар үшін ерекше мәнге ие екенін айтып, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды. 💐