Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда өз дауысын берді.
Ол Астанадағы №228 учаскесіне келіп дауыс берді. Экс-президент журналистерге ешқандай пікір білдірген жоқ.
Еске сала кетейік, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум бүгін, 15 наурызда өтіп жатыр. Дауыс беруге 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. Алғашқы референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де Сеул мен Токио қалаларында ашылған болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді — informburo.kz

