Теміртаулық ұландықтар референдумда өз таңдауларын жасады

Теміртау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады.

Маңызды қоғамдық-саяси науқан барысында әскери бөлімнің жеке құрамы белгіленген дауыс беру учаскесіне барып, ел болашағына қатысты өз пікірін білдірді. Әскери борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздар бұл мүмкіндік арқылы азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

Дауыс беруді ең алғаш болып әскери бөлім командирі, полковник Данияр Усербаев бастады. Командир мен жеке құрамның қатысуы әскери бөлімде референдумға деген жоғары қызығушылық пен белсенділікті көрсетіп отыр.

Осылайша, 5516 әскери бөлімнің сарбаздары еліміздің даму жолында өз пікірін ашық білдіріп, маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысқанын көрсетті.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі