Референдум

Осы айда республикалық референдум өтеді. Бұл әрбір азаматқа қоғамның болашағына тікелей әсер ететін мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды оқиға.

2026 жылғы 11 ақпанда Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдумға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылады. Қарағанды қаласында аумақтық референдум комиссиясы және 189 учаскелік референдум комиссиясы, оның ішінде уақытша болу орындарында, әскери бөлімдерде, ардагерлер үйлерінде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде құрылған 22 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істей бастады.

Дауыс беру учаскелері мен олардың шекаралары туралы мәліметтер облыстық «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Учаскелік референдум комиссияларына референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері берілді. Тиiстi учаскелiк комиссиялар дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда азаматтарға танысу үшiн берiледi.

Өзіңіздің учаскеңізді біліп, тізімге қосылуыңызды Сіз тіркелген жердегі учаскелік референдум комиссиясынан тексере аласыз. Аумақтық референдум комиссиясы азаматтың болатын орнын ауыстырған кезде дауыс беру құқығына есептен шығару куәлігін берді.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін референдумның барлық учаскелік комиссиялары бірінші қабаттарда орналастырылған және пандустармен, тактильді көрсеткіштермен және шақыру түймелерімен жабдықталған.

Әрбір сайлаушы саналы түрде таңдау жасау үшін референдумның мақсаты, оның салдары және өткізу тәртібі туралы ақпаратпен танысуға құқылы.

Қарағанды қаласының аумақтық референдум комиссиясы