Қазақстанда микрокредит пен банктердің өтімділігіне жаңа талаптар енгізілді

Қазақстанда микрокредит беру тәртібі мен банктердің өтімділігіне қатысты бірқатар жаңа ереже күшіне енді. Енді құмар ойындарға қатысы бар азаматтарға несие беру жеке тәртіппен жүргізілетін болды. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен 21 жасқа толмаған тұлғалар үшін қосымша талаптар енгізілді.

Несиелік тарихында қарызы немесе мерзімі өткен берешегі бар азаматтар үшін жаңа несие алу бұрынғыдан да қиындады. Бұл шара банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және клиенттердің қаржылық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.

2028 жылдан бастап банктердің өтімділігін қамтамасыз ету коэффициенті өседі. Бұл дегеніміз, төтенше жағдайда банк өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті қолма-қол ақша мен тез сатылатын активтерге ие болуы тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда, салымшылар қаражатын жаппай шешіп алған жағдайда банк қолында қажетті қаражат болмаған жағдайда несие бере алмайды.

Маман пікірінше, бұл өзгерістер – қаржы жүйесінің сенімділігін арттырып, салымшылар мен заемшылардың мүддесін қорғауға бағытталған маңызды қадам.