Маңғыстау облысының мұнайшылары Конституцияны қолдайды

Маңғыстау облысындағы мұнай өндіру кәсіпорындарының еңбек ұжымдары – Өзенмұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Oil Services Company және Dunga Operating – елдің жаңа Конституциясын қолдайтындықтарын білдірді.

Суреттер Маңғыстау кәсіпорындарынан

Аталған кәсіпорындарда ондаған мың қызметкер еңбек етеді. Олар күн сайын мұнай мен газдың тұрақты өндірілуін қамтамасыз етіп, мұнай-газ саласының дамуына және ел экономикасының нығаюына елеулі үлес қосып келеді. Ұжымдардың үйлесімді жұмысы энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

Еңбек ұжымдары конституциялық өзгерістердің маңыздылығын және олардың елдің одан әрі стратегиялық дамуы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

– Біз еліміздің болашағы үшін, тұрақтылық, бірлік, заң үстемдігі мен тәртіп үшін дауыс береміз. Мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамды дамытуға және әр азаматтың жауапкершілігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Маңғыстау облысының мұнай кәсіпорындарының ұжымдары жаңа Конституцияны қолдайды және алдағы референдумда азаматтарды белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырады, – деп мәлімдеді кәсіпорын өкілдері.

Мұнай-газ саласының қызметкерлері жаңа Конституцияның қабылдануы тұрақты экономикалық өсімге, әлеуметтік әділеттілікке және мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға берік негіз қалайды деп сенім білдірді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Маңғыстау облысының мұнайшылары Конституцияны қолдайды — «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті