Мәжіліс депутаты Конституциялық соттың рөлін түсіндірді

Үнзила Шапақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

“Халықаралық шарттардың ел аумағында қолданылу механизмін заң арқылы белгілеу арқылы біз құқықтық айқындықты анықтап береміз және іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтаймыз. Кепілдіктерді, азаматтарымыздың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етеміз. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, біз заң, міне, халықаралық шартты міндеттемелердің ратификациялауға дейін сұрақта болатын болса, Конституциялық сот арқылы олардың Конституцияға сәйкес келетіндігі туралы тұжырым жасата аламыз”.