Қарағанды «Bolashaq» академиясында студентердің Марат Оспановпен кездесу өтті

Қарағанды «Bolashaq» академиясында студентердің Қарағандыдағы танымал кәсіби жүргізуші, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Марат Оспановпен кездесу өтті. Кездесу барысында дәрігерлеріміздің күш-жігерінің арқасында сауығып кеткен Марат Оспанов коронавирустың қалай зардап шеккенін айтты
«Мен өзіме барлық дәрі-дәрмектерді сатып алып, үйде суық тиюден емделдім. Нәтижесінде ауруханада 16 күн реанимацияда, содан кейін тағы бір апта — палатада жаттым. Егер дәрігерлер болмаса, мен аман қалмас едім. Мен өкпенің 92% зақымдануынан, ауыр жағдайдан кейін ауруханадан емделіп шықтым.
Бұл менің қайта өмірге оралуым. Қазір мен толыққанды өмір сүрудемін, бірақ әлі де салынған тыйымдар бар . Белгіленген мерзімнен кейін мен екпе аламын», – деп бөлісті қонақ студенттерді денсаулығы туралы ойлануға, темекі шекпеуге және екпе арқылы өздерін және жақындарын қорғауға шақырды.
Сонымен қатар Академия студенттеріне «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік тапсырыс аясында дайындалған «Мен екпе алдым» жапсырмалары табыс етілді . Өзіңізді қорғаңыздар, сау болыңыздар!