Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінің студенттері Pfizer вакцинасын алды

Бүгін, 24 қарашада Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінің студенттері Pfizer вакцинасын алды. Студенттердің айтуынша, екпе алу туралы шешімді олар өз еріктерімен қабылдаған.
Алғашқы екпені колледж студенті 17 жастағы Миша Ли қабылдады. Жасөспірім екпеден кейін өзін жақсы сезінді, екпе рәсімінен жеңіл өтті.
Екпе алу кезінде студентті анасы Ли Ада қолдады. Анасының айтуынша, ол баласын саналы түрде, еш қорқыныш пен күмәнсіз екпе алуға алып келген.
Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінде 32 студент екпе алды. Екпеден кейін студенттер 30 минут бойы арнайы бөлінген бөлмеде дәрігерлердің бақылауында болды.
Екпе алу кезінде студенттерге «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік тапсырысы аясында дайындалған «Мен екпе алдым»жапсырмалары таратылды.