Қоғамдық тамақтану объектілерінде өндірістік бақылауды қалай жүргізу керек?

Өндірістік бақылау – бұл қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханалар, асханалар, кафелер, буфеттер және т.б) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен өнім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шаралар жүйесі.

Санитариялық қағидаларға сәйкес, әрбір объект «Өндірістік бақылау жоспарын» әзірлеп, енгізуі тиіс. Бұл құжатта бақылау шараларының түрлері, мерзімдері мен көлемі анықталады.

Өндірістік бақылауды жүргізудің негізгі кезеңдері:

Өндірістік бақылау жоспарын әзірлеу: 

— бақылау нүктелерінің тізімі, графигі мен жауапты тұлғалар көрсетіледі;

— қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес келуі қажет.

Шикізат пен дайын өнімге бақылау: 

— ілеспе құжаттарды, жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын тексеру;

— қажет болған жағдайда зертханалық талдау үшін сынама алу.

Персоналдың жеке гигиенасы: 

— медициналық кітапшалар мен гигиеналық оқытуға бақылау;

— арнайы киімнің болуы және дұрыс пайдаланылуы.

Бөлмелер мен жабдықтардың санитариялық жағдайы: 

— дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып тұрақты тазалау;

— аймақтарға бөлу тәртібінің (таза/ластау аймақтар) сақталуы;

— жалпы тазалық жұмыстарының жүргізілу кестесінің болуы.

Дезинфекциялық құралдар мен жинау инвентарын бақылау

— инвентардың таңбалануы және жеке сақтау орнының болуы;

— дезинфекциялық құралдардың сақтау мерзімі мен шарттарының тексерілуі.

Нәтижелерді тіркеу және есепке алу:

— температуралық режим, ылғалды тазалау, санитариялық өңдеу бойынша журналдарды жүргізу;

— барлық деректі тексеру кезінде көрсету үшін сақтау.

Қоғамдық тамақтану саласындағы өндірістік бақылау – бір реттік шара емес, үздіксіз үдеріс. Ол жүйелікті, жауакершілікті және санитариялық ережелерді білуді талап етеді. Дұрыс ұйымдастырылған бақылау тағам сапасын қамтамасыз етуге, халық денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру адам мен оның тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Осыған байланысты қоғамдық тамақтану объектілерінде өзін -өзі бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз етуді ұсынамыз.

 

Ж.Т.АЮПОВА,

Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы

ауданының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы