Қарағанды қаласының “Bolashaq” университеті студенттері арасында екпе туралы кездесу өтті

Бүгін а.ж. 23 қараша күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды қаласының “Bolashaq” университеті студенттері арасында екпе туралы кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Барлығы 45 адам қатысты.