«Сіз кімсіз?» деген сипаттағы сауалға қысқаша ғана «Мен – мемлекетшіл адаммын» деп жауап берейін

«Сіз кімсіз?» деген қарапайым ғана сауалға «Мен – мемлекетшіл адаммын» деп жауап беру – бұл тек жеке ұстаным емес, тұтас бір басқару философиясының көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір қысқа да нұсқа жауабында елге, халыққа және мемлекеттілікке деген жауапкершіліктің терең мәні жатыр.


Мемлекетшілдік – бұл билікті мақсат ету емес, мемлекетті халықтың ортақ құндылығы ретінде сақтау және нығайту. Ол жеке мүддеден биік тұрып, елдің тұрақтылығы мен дамуын бірінші орынға қоюды білдіреді. Президенттің бұл ұстанымы қабылданып жатқан реформалардан, саяси жаңғыру бағытынан және әлеуметтік-экономикалық саясаттан айқын аңғарылады.
Бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда мемлекетшіл болу – елдің тұтастығын, егемендігін және ішкі бірлігін қорғау деген сөз. Бұл – популизмге емес, прагматизмге сүйену, қысқа мерзімді пайдадан гөрі ұзақ мерзімді ұлттық мүддені таңдауды талап етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «мен – мемлекетшіл адаммын» деген ұстанымы басқару ісіндегі сабақтастықты, жауапкершілікті және әділдікті алдыңғы қатарға қояды. Бұл – мемлекетті жеке тұлғалардан жоғары қоятын, заң мен тәртіпке сүйенетін, халықтың сенімін басты құндылық санайтын көзқарас.
Осы тұрғыдан алғанда, мемлекетшілдік – бүгінгі Қазақстан үшін ең өзекті әрі қажетті қасиет. Ол елді алға жетелейтін нақты істермен, салмақты шешімдермен және ұлттық мүддеге адал қызметпен өлшенеді.