ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Экономикадағы теңсіздіктер туралы білеміз, оны жұрттан жасыратын ойымыз жоқ. Біз “өсім ауруын” міндетті түрде емдейміз. Нақты жоспарымыз бар» деген сөзі ел дамуындағы ашықтық пен жауапкершілікті айқын көрсетеді. Бұл пікір Мемлекет басшысының экономикалық проблемаларды мойындап қана қоймай, оларды шешуге нақты қадамдар жасауға дайын екенін аңғартады. Өйткені экономикалық өсім болғанымен, оның игілігі қоғамның барлық тобына бірдей жете бермесе, әлеуметтік әділетсіздік күшейе түсетіні де анық. Бүгінде экономикалық теңсіздіктерді жою бойынша тапсырма берілді. Үкімет тиісті шараларды қолға алды.