ҚОҒАМДА ӘДІЛДІК САЛТАНАТ ҚҰРУҒА ТИІС
Президент жыл сайынғы сұхбатында әділдік салтанат құрған мемлекет қалыптастыруға айрықша мән беретінін айтады. Тек әділетті қоғам түзу арқылы өркениттеі мемлекеттер қатарына қослуға тілге тиек етіп келеді. Биыл да “Түркістан” газетінде жарық көрген сұхбатында әділдік турасында орамды ой қозғады. “Мен былтырғы сұхбатымда Қазақстанда барлық азаматтың құқығы бірдей екенін, ешкімге ешқандай артықшылық немесе басымдық берілмейтінін айттым” деді Мемлекет басшысы. Бұл жолы, әсіресе, жастарға үлкен сенім білдіретінін жеткізді. “Біз өркениетті, әділетті мемлекет құрып жатырмыз. «Заң үстемдігін» қамтамасыз ету, білімнің сапасын арттыру, мәдениетті болу, аянбай еңбек ету, тәртіпке бас ию және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау арқылы ғана осы мақсатқа жетеміз. Еліміздің болашағы дарынды, бастамашыл әрі отаншыл жастардың қолында. Мен мұны үнемі айтып жүремін. Себебі, Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін” деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бүгінгі жас — ел ертеңі екенін ескерсек, бұл жастарға үлкен сенім жүктейтіні сөзсіз.

