«Браконьер» жедел іс-шарасы өтті

Ағымдағы жылдың қазан айының 20-сы мен қарашаның 19-ы аралағында Көліктегі полиция департаменті Қарағанды-Сұрыптау станциясы ЖПБ-нің қызмет ету аймағында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталмыш шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарын, биологиялық ресурстар нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу және заңсыз аңшылықтың алдын алу болып табылады. Осыған орай «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды-Сұрыптау станциясы ЖПБ-нің қызмет ету аймағына келіп кететін жолаушылар поездарында, станцияларда, вокзалдарда күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, — дейді Қарағанды Сұрыптау станциясы ЖПБ ӘПб АжҚҚАБт инспекторы, полиция лейтенанты А.Ж. Мұқашев.