№3 автопарк жаңа жылға автобустарын ерекше безендірді

Қала көшелерінде жаңа жылдық безендірілген автобустары пайда болды. Жеті әсем автобустың әрқайсының бортында аққала, шыршалар, сыйлықтар, мультфильм кейіпкерлерінің суреттері және «2026» жазуы әдемі үйлестірілген. Бұл автобустар №5, 19, 40, 43 және 118 маршруты бойынша жүреді.

Әсем безендірілген қоғамдық көліктер қалалықтар мен қонақтар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Әр автобустың сыртқы көрінісі жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, қалаға мерекелік атмосфера әкеліп отыр.

– Құрметті жолаушылар. Сүйікті қаламызда №3 автопарк жаңа жылға ерекше көңіл-күй сыйлады. Барлық тұрғын мен қонақтарды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Жолаушыларға жайлы жағдай жасауға тырысқан бұл автобустар шынымен де көңілімізді көтерді, – дейді қала тұрғыны Медина Мерхатқызы.

Автопарк қызметкерлері мерекелік безендіруді жыл сайын дәстүрге айналдырғанын, әр жолаушыға жылы атмосфера сыйлау үшін ерекше көңіл бөлетінін айтты. Бұл бастама қала тұрғындары арасында да жылы қабылданып, қоғамдық көлікті пайдалануға деген қызығушылықты арттырады. №3 автопарк алдағы уақытта да қалалық жолаушыларға тек сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, мерекелерде көңілді әрі тартымды көріністер ұсынуды жоспарлап отыр.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,

«QH»