Әдеп талаптары мен жауапкершілік мәселелері талқыланды

Кезекті Әдеп кеңесінің отырысы өтіп, күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағымсыз деректерге жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды. Сондай-ақ 2025 жылы өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ұсынымдарының және Қарқаралы ұлттық паркі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы талдау ұсынымдарының орындалу барысы талқыланды.

Отырыс барысында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша екі мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралып, жауапты тұлғалардың қатысуымен тыңдаулар өткізілді. Нәтижесінде бірқатар ұсыным әзірленіп, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.