Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы аударым қаражатының өзі тұратын ауданды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар «Цифрлық бюджет» платформасы арқылы өздерінің салық аударымдарының аудандарды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алатынын атап өтті.

«Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы аударым қаражатының өзі тұратын ауданды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады.

Біз шағын бизнестің әлеуетін барынша ашуды мақсат етіп отырмыз.

Бюджеттің кіріс бөлігін жаңа салық-бюджет саясаты есебінен ұлғайту қосымша қаражатты қазақстандық бизнесті дамытуға және қолдауға бағыттауға мүмкіндік береді. Осыны тағы да баса айтқым келеді»,

— деді Олжас Бектенов.

«Бәйтерек» холдингіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту мен оларға сервистік қолдау көрсетуді ұйымдастыруды тапсырылды.