Ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап балалар мен жасөспірімдерді (12 жастан 17 жасқа дейін), жүкті және бала емізетін аналарды «Pfizer» компаниясының «Comirnaty»препаратымен екпеден өткізу басталды

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап балалар мен жасөспірімдерді (12 жастан 17 жасқа дейін), жүкті және бала емізетін аналарды «Pfizer» компаниясының «Comirnaty»препаратымен екпеден өткізу басталды.
Екпе алу рәсімі сағат 15.00-ден Қарағанды қаласының №3 емханасында (Шахтерлер даңғылы, 78) және сағат 16.00-ден бастап Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында (Лобода көшесі, 43) және №1 көпсалалы ауруханада (Бирюзов көшесі, 22) басталды.
«Тек екпе сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Соңғы мәліметтер бойынша, біз балалар мен жүкті әйелдер коронавируспен жиі ауыра бастағанын көреміз. Мен денсаулық пен қауіпсіздікті қолдаймын!»,- деп вакцинацияланған жасөспірімдер өз ойларымен бөлісті
Жасөспірімдерді екпе алуға білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде және емханалар жанындағы екпе алу орталықтарында ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Екпенің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін, сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде «суық тізбек»қамтамасыз етілген. Сақтау және тасымалдау ережелерін қатаң сақтау бойынша шаралар қабылданды. Білім беру ұйымдарында екпе «Суық тізбекті»сақтау үшін алдын ала сатып алынған төмен температуралы термоконтейнерлерде тасымалданады.